Ұлттық киімдегі фотосуретке сұраныс жоғары болды

Өскемен 22-03-2025, 11:32 0

Кәсіпкерлер ұлттық киіммен ұлттық нақыштағы фото аймақта сурет жасауды ұсынып, дүйім жұртты жинады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Орталық алаңдағы жәрмеңке аумағында ұлттық киіммен фотосессия жасауға арналған арнайы фотоаймақ ұйымдастырылды. Келушілерге қазақтың дәстүрлі тымағы, шапаны, тақиясы мен бөркі ұсынылып, естелік суретке түсу мүмкіндігі берілді. Бұл шара тұрғындардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетті.

Фотоаймаққа келгендер қазақы нақышта безендірілген ортада суретке түсіп, ерекше әсер алды. Мұндай бастамалар халықтың ұлттық мұрасын дәріптеуге, тарихи киімдермен танысуға және мәдени құндылықтарды насихаттауға ықпал етеді. Ұлттық киімді кию арқылы адамдар өздерінің түп-тамырын сезініп, дәстүрге деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттырды.


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады