Самар ауданында аграрлық сала жүйелі түрде дамып келеді

Өскемен 6-05-2025, 11:55 0

Самар ауданындағы «Қалисатарұлы» шаруа қожалығы егін және мал шаруашылығын дамытудың заманауи тәсілдерін қолданып келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстың ірі ауылдық аудандарының бірі саналатын Самар өңірінде ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру мақсатында шаруашылықтар жаңартылып, орнықты даму бағытында жұмыстар жүргізілуде.

«Қалисатарұлы» шаруа қожалығы негізінен дәнді дақылдарды өсіруге маманданған. Атап айтқанда, мұнда «Алтайская-325» сұрпы бидай, «Илек» арпасы мен «Скакун» сұлысы өсіріледі. Сонымен қатар, ірі қара мен жылқы өсіру де жолға қойылған. Жалпы жер көлемі 2,3 мың гектардан асады. Оған егістік алқаптар, жайылымдар мен шабындықтар кіреді. Мұндай толық цикл – жергілікті деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

– Самар ауданы облыстағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Мұнда тек ішкі қажеттілікті ғана емес, экспортты да қамтамасыз ете алатын шаруашылықтар бар. Сол себепті осындай бастамаларға мемлекеттік қолдау көрсетіп, инвестиция тарту және заманауи агротехнологияларды енгізу қажет, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Аудан экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды. Аймақ басшысы тұрақты дамуға жетудің негізгі жолдарына тоқталып өтті: техника мен жабдықтарды жаңарту, өндіріс үдерістерін цифрландыру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, жастарды тарту және ауыл кәсіпкерлігін дамыту.


Дамир Омаров

Фото: Махаббат Ахметжанова

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады