«ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ» коллекциялық монеталары айналымға шықпақ
Өскемен / Жаңалықтар
6-05-2025, 11:19
0

Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясы аясында «ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ» атты коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Бұл монеталар – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған, тарихи оқиғаның мәні мен маңызын айшықтайтын ерекше нышан, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Монета дизайнында отансүйгіштік пен ерлікке деген терең құрмет көрініс тапқан. Онда қаһармандарды еске салатын мәңгілік алау мен «80» санын құрайтын жеңіс лентасы бейнеленген. Бұл көркем композиция Мемлекеттік Ту элементтерімен үйлесімді жасалған.
Монета 925 сынамды күмістен жасалып, алтын жалатылған. Диаметрі 38,61 мм, салмағы 31,1 грамм. Түрлі түсті баспа технологиясы қолданылып, дайындау сапасы – «proof» деңгейінде орындалған. Номиналы – 1000 теңге. Шығарылым көлемі – 2000 дана,- делінген хабарламада.
Сатылымға шығатын күні туралы толық ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында қосымша жарияланады.