Өскемен әуежайындағы авиаотын қымбаттығы неге байланысты?

Өскемен 6-05-2025, 17:49 0

Шығыс Қазақстанда авиациялық отын, яғни ұшақтарға құятын жанармайдың нарығы тексерілді. Бұл жұмысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаменті атқарды. Олар 2022 жылдан 2025 жылдың қаңтарына дейінгі аралықты қамтитын кезеңге талдау жүргізіп, оны биыл наурызда аяқтаған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тексеру барысында Өскемен әуежайындағы авиаотынды тек бір ғана мекеме — «Өскемен әуежайы» АҚ өзі сататыны анықталды. Яғни, бұл жерде ұшатын компаниялар жанармайды тек осы ұйымнан ғана ала алады. Ал жанармайдың өзі Алматы, Астана және Атырау қалаларынан жеткізіледі. Себебі ШҚО-да авиаотын өндірісі жоқ, сондықтан сырттан әкелуге мәжбүр.

Сарапшылар осы нарықта бәсекелестік өте төмен екенін айтты. Соңғы үш жылда авиаотынды көтерме және бөлшек саудада сатумен бір ғана мекеме айналысып келген. Әрі жанармай сақтайтын қоймалар мен инфрақұрылым толығымен сол «Өскемен әуежайының» иелігінде. Бұл жағдай нарықта бір ғана ойыншыға тәуелділік туғызып отыр.

Қазір әуежай өз жұмысын заңға сәйкес ретке келтіріп жатыр. Бұл дегеніміз – басқа да компанияларға жанармай инфрақұрылымына тең қол жеткізуге мүмкіндік беруі керек. Бұл шаралар болашақта бәсекелестікті күшейтіп, авиаотын бағасының төмендеуіне де әсер етуі мүмкін.

Фото: Depositphotos. com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады