Өскемен: Шешек тауында жаңа көрініс алаңы ашылады

Өскемен 6-05-2025, 17:22 0

Қала күні қарсаңында Өскемендегі Шешек тауында жаңа демалыс орны ашылады. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, жобаның негізгі бөлігі – қаланы жоғарыдан тамашалауға мүмкіндік беретін көрініс алаңы, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аумағы жанұялық демалысқа бейімделіп, келушілерге барынша жайлы жағдай жасалады. Мұнда орындықтар, мангал қоюға арналған арнайы аймақтар, балаларға арналған ойын алаңы және «Шешек» атауын иеленген шағын сәулеттік мүсін орнатылады.

Келушілердің қолайлылығы үшін екі бірдей автотұрақ қарастырылған. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарының жеке көлікпен кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді.


Фото: pixabay.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады