Зейнетақы жинағымен енді баланы да емдеуге болады – жаңа ережелер күшіне енді

Өскемен 5-05-2025, 17:07

27 сәуірінен бастап емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану ережелеріне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Бұл жаңашылдықтар азаматтарға зейнетақы жинағын медициналық мақсатта тиімді әрі қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ең басты жаңалық – енді ата-аналар өз жинақтарын тек өз денсаулығына емес, кәмелетке толмаған балаларының еміне де пайдалана алады. Бұл – жас қазақстандықтар үшін ем алудың қосымша мүмкіндігі.

Сондай-ақ стоматологиялық қызметтерге қатысты БЗТ пайдалану тәртібі де жаңартылды. Енді:

  • Азаматтар дәрігерлік комиссияның емес, тіркелген емханалардағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) қорытындысын алуы тиіс.
  • Стоматологиялық клиникамен жасалған шарт бекітілген формаға сәйкес болуы керек.
  • Шартқа емдеу жоспары (екі кезеңнен тұратын: хирургиялық және ортопедиялық) қоса тіркеліп, сома нақты көрсетілуі қажет.
  • Әр кезеңде тістердің суреті түсіріліп, екі рет ДКК қорытындысы алынуы керек. Бұл құжаттар enpf-otbasy.kz платформасына жүктеледі.
  • Имплантациясыз жүргізілетін протездеу кезінде де (алынбалы және алынбайтын) төлем екі кезеңде жүзеге асырылады: ем басталар алдында және протез орнатуға дейін.

Бұл талаптар азаматтардың жинақ қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалануын қамтамасыз етіп, медициналық қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыруға бағытталған.

Фото: pixabay.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар