Секисовка ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Денсаулық сақтау 24-04-2025, 08:10 0

Бүгін Глубокое ауданының Секисовка ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгін Глубокое ауданының Секисовка ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа медициналық нысан инфаркт, инсульт, жарақат және өзге де шұғыл жағдайларда ауыл тұрғындарына дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ауыл халқының денсаулығын нығайту, уақытылы профилактикалық және сауықтыру шараларын өткізу, скринингтік тексерулер жүргізу де жолға қойылады.

– Бұған дейінгі амбулатория қарапайым ғимаратта орналасқан еді. Бұл тұрғындар мен дәрігерлер үшін қолайсыз болатын. Қазір ауылымызда жаңа ұрпақ өсіп келеді, ал олардың денсаулығына қарайтын білікті мамандар болса, болашағымыз жарқын болады, – дейді ауыл тұрғыны Елена Блинова.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында облыста 36 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда: 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 27 медициналық пункт бой көтереді.

– Ауданның өз күшімен мұндай құрылыс жүргізуі қиын болар еді. Халық үніне құлақ асып, Ұлттық жоба әзірленді. Оның аясында Глубокое ауданында екі жыл ішінде 6 нысан салынбақ. Бүгін ашылған амбулатория – үшінші медициналық мекеме. Мұндай жаңа әлеуметтік нысандар – ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш, – деді Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Елена Старенкова.

Ұлттық жоба өз жалғасын табады. Алдағы уақытта да көптеген ауылда медицина саласына жаңа серпін беретін нысандар ашылмақ.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады