13 рет айыппұл төлемеген жүргізуші көліксіз қалды

Өскемен 27-03-2025, 17:03 0

Облыстағы құқық қорғау органдары жылдамдықты 13 рет асырған және айыппұлдарын төлемей келген азаматты анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ПД баспасөз қызметінің хабарлағанындай, облыста жол-көлік оқиғаларының алдын алу, апаттылық қаупін азайту және төленбеген айыппұлдарды өндіру мақсатында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Операцияның алғашқы күнінде-ақ, айыппұлдарын уақытында төлемеген 13 жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылған.

Жақында облыс орталығында тағы бір сондай  жағдай орын алған . Полиция қызметкерлері 22 жастағы жергілікті тұрғынды тоқтатып, оны тексеру барысында жүргізушінің 160 мың теңге көлеміндегі 13 төленбеген айыппұлы бары анықталған. Барлық құқық бұзушылықтар жылдамдықты асырумен байланысты және «Мерген» автоматтандырылған кешені арқылы тіркелген. Нәтижесінде оның көлігі қарызы толық өтелгенше айыппұл тұрағына қойылды.

ШҚО полициясы айыппұлды 7 жұмыс күні ішінде 50% жеңілдікпен төлеуге болатынын еске салады. Егер аталған мерзім өтіп кетсе, толық соманы 30 күн ішінде ерікті түрде өтеу мүмкіндігі бар. Белгіленген уақыттан кейін қаулы жеке сот орындаушыларына беріледі, ал өндіріп алу мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады.


Фото: pexels.com

Полиция департаменті жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға және мәжбүрлі шараларды болдырмау үшін айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырады.


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады