ШҚО-да жол қозғалысы ережелерін бұзудың 200-ден астам дерегі анықталды

Өскемен 5-05-2025, 16:40 0

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі жол бақылауы барысында жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін 200-ден астам бұзушылық фактісі тіркелді. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің мәліметінде айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында тексеру жұмыстарын ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ және «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК мамандарымен бірлесіп жүргізді.

Тексеріс кезінде жол белгілері мен таңбаларының жай-күйі, жол қоршауларындағы катафоттардың көрінуі және жолдардың заңнама талаптарына сәйкестігі жан-жақты бағаланды.

Тексеру нәтижесінде 200-ден астам түрлі кемшілік анықталды. Қазіргі таңда оларды жою үшін 120 нұсқама беріліп, 10 жол ұйымының басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Бұдан бөлек, 60-тан астам апатты-қауіпті учаскелерді жоюға бағытталған ұсыныстар әзірленіп, тиісті жол ұйымдарына жолданған. Сонымен қатар, патрульдік полиция мен жол қызметтері арасындағы өзара іс-қимыл жүйесі де қайта қаралып, тиімділігін арттыру көзделуде.

Аталған шаралар жол апаттарының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.


Фото: ШҚО ПД

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады