Гарвардқа түсетін шетелдік студенттерге АҚШ қайта виза бере бастады

Жаңалықтар 9-06-2025, 13:00

АҚШ Мемлекеттік департаменті әлем елдеріндегі барлық консулдықтарға Гарвард университетіне оқуға түскен шетелдік студенттерге виза беруді қайта бастау туралы нұсқау жіберді. Бұл туралы «Вашингтон пост» газеті жария етті, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл шешім бұрын қабылданған, виза беруді уақытша тоқтату туралы бұйрықтың күшін жояды. Алдыңғы күні жарияланған сол бұйрық бойынша, Гарвард университетіне түсетін шетелдік азаматтардың визалық өтініштері қабылданбауға тиіс болатын.

Алайда бұл құжат сот Дональд Трамп әкімшілігінің Гарвардта оқуға келетін шетелдік студенттердің елге кіруін шектеу әрекетіне тыйым салғаннан бір сағат бұрын ғана күшіне енген еді. Сот бұл шектеуді заңсыз деп тапқан.

Жаңа нұсқаулықта консулдық бөлімдер Гарвард университетіне, оның ішінде студенттік алмасу бағдарламалары бойынша келетін талапкерлердің визалық өтініштерін қайта қарай бастайды делінген.

Айта кетейік, бұл – бұрынғы АҚШ әкімшілігінің шетелдік студенттерге виза беруді шектеуге жасаған екінші талпынысы. Бұған дейінгі әрекет те сот шешімімен тоқтатылған болатын.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар