ШҚО құтқарушылары достық аллеясын отырғызды.
Қоғам
1-05-2025, 08:53

Қазақстан халықтарының бірлігі күні мен «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері ұлттық киімдер киіп, түрлі этнос өкілдерінің бірлігі мен ынтымағын бейнелейтін халықтар достығы аллеясын отырғызды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО ТЖД-де қазақ, орыс, беларус, неміс, өзбек, тәжік, дүнген және басқа да ұлт өкілдерінен құралған құтқарушылар қызмет етеді. Оларды біріктіретін ортақ мақсат – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Аллея отырғызу барысында құтқарушылар өздерінің әдемі ұлттық киімдерін көрсетіп, өз халқының дәстүрі мен салты туралы айтып берді.
Мұндай іс-шаралар тек жағымды әсер қалдырып қана қоймай, қызмет пен жас құтқарушылар үшін маңызды тарихи мәнге ие болуда.