Тәртіп пен заңға бағыну – өркениетті қоғамның белгісі
Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының негізгі тіректерінің бірі – қоғамдағы заң үстемдігі мен тәртіп мәдениеті екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, құқық бұзушылыққа төзбеушілік пен ортақ жауапкершілік қағидаты әр азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы керек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Президент адамдар арасындағы дөрекі сөйлесу, ерегісу, қоғамдық орындарда тәртіп бұзу сияқты жағымсыз көріністерге алаңдаушылық білдірді.
Өркениетті ұлт болу үшін мұндай әрекеттерден арылу қажет. Осы ретте Президент Абайдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген даналығын мысалға келтірді.
Мемлекет басшысы ел егемендігі мен жер тұтастығын сақтау үшін ішкі бірлікті нығайтудың маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі заманда патриотизмнің мазмұны жаңаша сипат алып отырғанын айтты.
