ШҚО: Соңғы үш жылда 12 жаңа балабақша ашылды
Өңірдегі 388 мектепке дейінгі ұйымдарда – балабақша мен шағын орталықтарда – 29 мың бала тәрбиеленуде. Қазіргі таңда облыс бойынша балабақша кезегінде 2,4 мыңға жуық бала тұр. Аймақта мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді балабақшамен толық қамту мәселесіне баса назар аударылып отыр.
Бүгінде облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында 4,8 мың баланы қамтитын 229 мектепалды даярлық тобы жұмыс істейді. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында өңір мектептеріндегі даярлық сыныптарында 6 мың бала оқытылмақ.
Еліміз бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93,1 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған. Жыл соңына дейін осы жас санатындағы балалар үшін 49 мыңнан астам жаңа орын ашу жоспарланып отыр.
Соңғы жылдары облыстың кейбір қалалары мен аудандарында мектепке дейінгі ұйымдарға деген қажеттілік азайғанымен, Өскемен, Зайсан, Күршім және Ұлан аудандарының орталықтарында жаңа балабақшаларға сұраныс әлі де жоғары.
