Өскемен мектептерінде сабақ басталу уақыты өзгермейді

Өскемен 31-03-2025, 13:44

Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысында мектеп оқушылары таңғы 07:30-дан бастап оқитыны туралы қауесеттер тараған болатын. Осыған байланысты Өскемен қаласының білім бөлімі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қала мектептері әдеттегідей, яғни сағат 08:00-ден бастап жұмыс істейді. Сабақ кестесінде ешқандай өзгеріс енгізілмеген.

Айта кетейік, 2025 жылдың көктемгі демалыс кезеңі 21 наурыздан 31 наурызға дейін жалғасып, оқушыларға 11 күндік демалыс берілді. Ал 1 сәуірден бастап төртінші тоқсан басталады.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар