Өскеменде ауа сапасына қатысты түсініктеме берілді

Өскемен / Қоғам / Жаңалықтар 24-07-2025, 13:15
Әлеуметтік желілерде 2025 жылғы 24 шілде күні Өскемен қаласында байқалған атмосфералық құбылыстарға байланысты тұрғындардың алаңдаушылығын тудырған бейнематериал тарады.
 
Қазіргі таңда қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) режимі жарияланған. Осыған байланысты ШҚО бойынша Экология Департаменті «Өскемен тынысы» экологиялық бюросымен бірлесіп, өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитариялық-қорғау аймақтарында жоспардан тыс мониторинг жүргізді.
 
Өлшеу жұмыстары аккредиттелген зертхананың аясында сертификатталған құрал-жабдықтар арқылы жүзеге асырылды. Зиянды заттардың шекті жол берілетін концентрациялары (ШЖК) бойынша асып кету фактілері тіркелген жоқ.
 
Мамандардың айтуынша, желсіз ауа райы мен төмен температура ластаушы заттардың жерге жақын қабаттарда жиналуына ықпал етіп, көзге тұман немесе түтін түрінде көрінуі мүмкін. Дегенмен, барлық көрсеткіштер бойынша ауа сапасы белгіленген нормативтерге сәйкес келеді.
 
Қазіргі уақытта атмосфералық ауаға мониторинг жалғасуда. Өнеркәсіптік нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр, төтенше жағдайлар тіркелген жоқ.
 
Экология Департаменті азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және расталмаған деректерге сенбеуге шақырады.
Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар