Өскемен қаласында шамамен 20 мың шаршы метр аумақ гүлмен көмкеріледі

«Таза Өскемен» мамандары қаладағы гүлзарлар мен клумбаларды жаңа маусымға дайындау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Таза Өскемен» КМК мәліметінше, гүлзарларды маусымға дайындау – жазда қаланың қаншалықты көрікті әрі сәнді болатынын айқындайтын маңызды кезең.
Алдымен аумақ қыстан кейін қалған қоқыстан, түскен жапырақтар мен құрғақ өсімдіктерден тазартылып, топырақ қопсытылып, ауа өткізу қабілеті арттырылады – бұл жердің «тыныс алып», ылғалды жақсы сіңіруі үшін қажет. Сонымен қатар автоматты суару жүйелері қалпына келтіріліп, тексеріліп жатыр. Топырақты үнемі ылғалдандырып отыру – болашақ өсімдіктердің саулығының кепілі, – дейді коммуналдық кәсіпорын өкілдері.
Биылғы маусымда гүл көшеттерін отырғызу аумағы 19 750 шаршы метрді құрайды. Өскеменнің климатына жақсы бейімделген гүл түрлері отырғызылады: петуния, барқытгүл, сальвия, цинерария, циния және басқалар.
Көшет жеткізуші ретінде бірнеше маусым қатарынан қаланы сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз етіп келе жатқан жылыжай шаруашылығы таңдалды. Бұл көшеттердің сапасы жоғары, әрі жақсы өсу көрсеткішіне ие.
Көшет отырғызу жұмыстары үсік қаупі жойылғаннан кейін басталады.