Кендірлік кен орнына инвестор анықталады

Зайсан ауданының облыс өнеркәсіп құрылымындағы үлесі небәрі 0,3 пайызды құрайды. Бұл ретте негізгі үлесті тау-кен өндіру саласындағы табиғи газ өндірумен айналысатын «Тарбағатай-Мұнай» ЖШС иеленіп отыр – 44,6 пайыз немесе 1,4 млрд теңге, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ауданда жалғыз көмір кен орны – «Кендірлік» бар. Көмір өндіруге арналған келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты, ендігі кезекте инвестор аукцион арқылы анықталмақ.
Облыс бойынша биыл Жалпыұлттық пул аясында 104 млрд теңгеге 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Соның ішінде Зайсан ауданында 1,2 млрд теңгеге бір жоба – «SaurTau» демалыс базасында екі қабатты ғимараттың құрылысы қолға алынған.
Бұдан бөлек, құны 6,2 млрд теңге болатын «Майқапшағай» кеден бекетінде көлік-логистикалық орталықтың құрылысы жүріп жатыр.
Фото: Махаббат Ахметжанова