Трассада макеттер пайда болды

Өскемен 29-05-2025, 11:05

Бұл макеттер жол жиегіне ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлардың қақтығысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қойылуда, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биыл жануарлармен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «ҚАЗжсервис» ЖШС-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы бұлан мен жылқының макеттерін сатып алған. Бұл имитациялар жүргізушілердің назарын аударып, жабайы және үй жануарларымен қақтығысу мүмкіндігі туралы ескертуге тиіс.

Макеттер келесі трассаларда орнатылады:

Бұлан макеттері:
    •    Өскемен – Риддер – РФ шекарасы (27, 92 шақырым);
    •    Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары (59, 402 шақырым).

Жылқы макеттері:
    •    Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары (17, 49, 214 шақырым);
    •    Өскемен – Семей (37 шақырым);
    •    Омбы – Майқапшағай – Қалжыр – Марқакөл (32, 63 шақырым).

Айта кетейік, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, бұлан макеттері республикалық маңызы бар Өскемен – Риддер – РФ шекарасы автожолына орнатылған.


Елизавета Седых

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар