«Өскемен–Риддер» автожолының жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Өскемен
21-05-2025, 10:28

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Өскемен–Риддер» автожолының 30-70 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жол сапасын арттыру және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан жөндеу шараларына 26 бірлік арнайы техника мен 34 маман жұмылдырылған.
Қазіргі таңда ұзындығы 7,5 шақырым болатын бөлікте жол негізін ресайкілеу, сондай-ақ 4 шақырымдық учаскеде төменгі жабынды төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар белгіленген мерзімге сәйкес кезең-кезеңімен атқарылып, жол пайдаланушыларына ыңғайлы әрі қауіпсіз қозғалыс жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.
Фото: «ҚазАвтоЖол» АҚ