Биыл елімізде 13 мың шақырым жол жөнделеді

Өскемен 5-05-2025, 16:43

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы құрылыс маусымы аясында елімізде 13 мың шақырым жол әртүрлі деңгейдегі жөндеу және құрылыс жұмыстарымен қамтылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, «Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау – Доссор» бағыттары мен Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы басталады.

Сонымен қатар, бұған дейін басталған ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын ірі жобалар бойынша жұмыстар жалғасуда. Олар:
– «Қалбатау – Майқапшағай»,
– «Күрті – Қонаев»,
– «Қызылорда – Жезқазған»,
– «Ұзынағаш – Отар» жолдары.

Оған қоса, облысаралық және ауданаралық жолдардың жағдайын жақсарту мақсатында 7 мың шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағытта "Жезқазған – Петропавл", "Мұқыр – Құлсары", "Қандыағаш – Ембі – Ырғыз", "Қостанай – Қарабұтақ", "Өскемен – Шемонаиха", "Өскемен – Рахман кілттері", "Орал – Атырау" жолдары қамтылған.

Жергілікті маңыздағы қосымша 4 мың шақырымға жуық жол да жөндеуден өтеді.

Шығыс Қазақстан облысындағы «Қалбатау – Майқапшағай» автожолының жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 231 шақырымның 211 шақырымы асфальтпен жабылып, толық аяқталған. Қалған 20 шақырымда жұмыстар жалғасуда. Асфальт төселген бөлікте абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде. Құрылыс материалдары толықтай жеткізілген, нысанда 300-ге жуық адам мен 150-ге тарта техника жұмылдырылған.

Фото: pixabay.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар