Өскеменде тұрғындардың өтініші бойынша Егорова көшесі жөнделеді

Өскемен 16-05-2025, 18:01 0

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Согра шағын ауданына барып, Вешний тұйық көшесінде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі уақытта бұл учаскеде жол жабындысын фрезерлеу жұмыстары аяқталып, жол бойындағы ой-шұқырлар жойылды. Енді мердігер ұйым тегістеу қабатын төсеуге кіріседі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қала тұрғындары жиі көтеретін мәселелердің бірі — Егоров көшесінің қазіргі жай-күйі. Түскен көптеген өтініштерді ескере отырып, биыл бұл көшеде де жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Анықтама үшін: 2025 жылы Өскемен қаласында 35 жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі таңда олардың жетеуінде жұмыстар толық аяқталған.


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады