Шығыс Қазақстанда жаңа шекаралық көпір салынады

Өскемен 15-05-2025, 17:34

Майқапшағай – Зимұнай шекаралық өткізу пунктінде жүк көліктеріне арналған жаңа көпір бой көтермек. Бұл туралы Қазақстан мен Қытайдың көлік министрлері арасындағы екіжақты кездесу барысында белгілі болды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Астана қаласында өткен Қазақстан – Қытай бірінші көлік форумының аясында Көлік министрі Марат Қарабаев пен Қытай Халық Республикасының Көлік министрі Лю Вэй кездесу өткізіп, көлік саласындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады.

Тараптар трансшекаралық Ертіс өзенін пайдалана отырып, «Ресей – Қазақстан – Қытай» мультимодальды транзиттік дәлізін құру мәселесін де қарастырды. Сонымен қатар, жүк көліктерінің қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Майқапшағай – Зимұнай өткізу бекетінде жаңа шекаралық көпір салу жоспарланған.

Кездесу барысында Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарын Қытайдың көршілес өңірлерімен жалғайтын тағы екі жаңа автокөлік өткізу пунктін ашу туралы да ұсыныс көтерілді.


Фото: Көлік министрлігі

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар