ШҚО: мектеп оқушылары арасында экологиялық сурет байқауы басталды

Өскемен 14-05-2025, 17:03 0

Эколог күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Шығыс Қазақстан облысында мектеп оқушылары арасында «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты республикалық сурет байқауы басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Игі бастама ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен қолға алынып отыр. Байқауға Шығыс Қазақстан облысының барлық мектептерінен 1–11-сынып оқушылары қатыса алады.

Конкурс жұмыстары 13–28 мамыр аралығында қабылданады.

Қатысушылар өз жұмыстарын мына мекенжайға тапсыра алады:
Өскемен қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 4, 2-қабат, 209-кабинет.

Байқауға қатысу үшін арнайы өтінімді толтырып, байқау ережелерімен алдын ала танысу қажет.

Қосымша ақпаратты байқаудың жауапты ұйымдастырушысына 8-777-390-00-47 (WhatsApp) нөмірі арқылы немесе ШҚО бойынша экология департаментінің әлеуметтік желідегі парақшаларына жеке хабарлама жолдау арқылы алуға болады.


Фото: pixabay.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады