Шығыстағы инвесторға заңсыз бас тартылған жер учаскелері берілді

Өскемен 14-05-2025, 17:01 0

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы өңірдегі ірі инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеуді жалғастыруда. Жақында құқық қорғау органдары марал, ірі және ұсақ мал өсіру бойынша жобаны жүзеге асырып жатқан «ALMAS UK» ЖШС-нің мәселесін шешуге ықпал етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитеті серіктестікке жер учаскелерін беруден негізсіз бас тартқан. Комитет компания өтінімін жерді жалға алу ретінде емес, жеке меншікке сатып алу деп қате түсіндіріп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке беруге заңмен тыйым салынғанын алға тартқан.

Алайда компания тарапынан ешқандай заңбұзушылық болмаған. Прокуратураның тексеріс нәтижесінде, қадағалау актісі енгізіліп, инвестордың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Нәтижесінде «ALMAS UK» ЖШС-не жалға алу негізінде 3,2 мың гектар жер ресми түрде берілді.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл шешім кәсіпкерге 500 миллион теңгеден астам инвестиция тартуға және 30-дан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

- Естеріңізге саламыз, егер инвесторлар жобаларын жүзеге асыру барысында әкімшілік кедергілерге тап болса, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының Call-орталығына мына нөмірлер арқылы хабарласа алады 8 (7232) 24-55-03, 8 (707) 144-00-16, - делінген ресми хабарламада.


Фото: pixabay.com

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады