ШҚО мұғалімі мемлекеттік наградамен марапатталды

Отан қорғаушы күні қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің 40 мұғаліміне ведомстволық наградалар табыстады. Салтанатты жиынға Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіров қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы «Бейіндік мектеп» КММ-нің мұғалімі Жайлаубаев Сеилгумар «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
47 жылдық еңбек өтілі бар ардагер ұстаздың 15 жылы білім беру саласына арналды. Ол – «Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері», сондай-ақ бірқатар мемлекеттік және салалық медальдардың иегері. Патриоттық тәрбие ісіне қосқан үлесі жоғары бағаланып келеді.
Ұстаз облыстық және қалалық деңгейдегі әскери-патриоттық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы. 2012 жылы әдістемелік мақаласы, 2020 жылы кәсіби тәжірибесі туралы материалы жарияланды.