Жеңіс күніне орай ардагерлерге қаржылай көмек беріледі
Өскемен
2-05-2025, 10:29
0

Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай соғысқа қатысқан ардагерлер мен тылда еңбек еткен азаматтарға бір реттік көмек көрсетіледі. Бұл төлемдер жергілікті билік шешімімен, мемлекет қаржысы есебінен беріледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ресми мәлімет бойынша, облыс аумағында соғысқа қатысы бар 4 264 адам тұрады.
Жоспар бойынша:
- Соғысқа қатысқан және соғыста мүгедек болған 12 адамға – 5 миллион теңгеден беріледі;
- Тыл еңбеккерлері, Ленинград блокадасының куәгерлері, концлагерь тұтқындары мен майдангерлердің жесірлеріне – 130 мың теңгеден;
- Қалған 4 062 тыл еңбеккеріне – 80 мың теңгеден төлем қарастырылған.