ШҚО әкімі: Марқакөлдің туристік әлеуетін дамыту – басым бағыттың бірі

Өскемен 25-03-2025, 11:26

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Марқакөл ауданына жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар маңызды нысандарға барды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы аудан орталығында орналасқан №31 өрт сөндіру бөлімшесін жаңғырту жұмыстары аясында кезекшілікке түсетін құтқарушылар үшін қолайлы тұрмыстық жағдай жасау, сондай-ақ арнайы техникаларға арналған бокстарды кеңейту қажеттілігін қадап айтты.
Аудан әкімдігі, полиция, прокуратура және сот ғимараттарында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған.
Аудан әкімі спорттық-сауықтыру кешеніндегі құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстауға тиіс. Бұл нысан ұзақ жылдар бойы аяқталмаған құрылыс ретінде тізімде тұрған еді. Енді оны уақытылы пайдалануға беру – тұрғындардың спортпен айналысуы мен бос уақытын тиімді өткізуі үшін аса маңызды.
Сапар барысында аудан әкімі Рүстембек Кемешевке және салалық басқарма басшыларына шекаралық аумақты дамыту бойынша нақты тапсырмалар берілді.

— Басты міндеттердің бірі – су тасқыны жағдайына бақылау жасау. Сонымен қатар жолдарды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын салу және жөндеу жобаларын жалғастыру қажет, — деді ШҚО әкімі.

Марқакөл ауданының туристік әлеуетін дамыту – басым бағыттардың бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі және бірізді жүргізілуге тиіс. Аймақтың табиғи және экономикалық мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану – негізгі мақсат.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар