Облыс орталығында көшелерді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Өскемен 26-03-2025, 10:53

Өскемен қаласының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында орталық көшелерді кешенді абаттандыру жобалары жүзеге асуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жоба Чехов, С. Нұрмағамбетов көшелері, Шәкәрім және Абай даңғылдары, Қазақстан, Крылов, Қасым Қайсенов, Қабанбай батыр, Гоголь және Теміржолшылар көшелерін қамтиды.

Абаттандыру аясында ғимараттардың қасбеттері жаңартылып, кіреберістер ретке келтіріледі, түнгі жарықтандыру орнатылмақ. Сондай-ақ маңдайшалар бірыңғай стильде жасалып, айнала көгалдандырылады.

Фото: Өскемен қаласы әкімдігі


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар