Өскемен амфитеатры: қалалық іс-шараларға арналған жаңа алаң

Өскемен / Қоғам 30-10-2025, 11:26

 

Өскемен қаласында орталық алаңдағы жүктемені азайту мақсатында амфитеатр аумағын тиімді пайдалану жоспарда бар. Қала әкімі атап өткендей, жоба әзірге бекітілмегенімен, алдағы жылдың бюджетіне енгізу көзделіп отыр.
 
Алдын ала жоспар бойынша, амфитеатр аумағына сахна орнатылып, көрермендерге арналған қолайлы жағдайлар жасалады. Бұл жерде концерттер, фестивальдер және әртүрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастыру мүмкіндігі туады.
 
«Қазір іс-шаралар өткізу үшін орталық алаңға іргелес көшелерді жабуға тура келеді, бұл өз кезегінде көлік қозғалысын қиындатады. Сондықтан амфитеатрды пайдалану әлдеқайда тиімді шешім болады», — деп хабарлады әкімдік.
 
Жаңартылған амфитеатрдың арқасында өскемендіктер жазғы White Party сынды ашық аспан астындағы мерекелер мен мәдени бағдарламаларды ыңғайлы жағдайда тамашалай алады. 
Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар