Өскемендегі Қазақстан көшесі жаңа кейіпке енді

Өскемен / Қоғам 30-10-2025, 11:24

Өскемен қаласында Қазақстан көшесін абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Жоба аясында көшеге 106 жарық шам, 70 орындық, 15 әткеншек, 10 пергола орнатылып, балалар ойын алаңы салынды.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұл жұмыстар тұрғындардың демалысы мен қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Қалған абаттандыру шаралары қазан айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.

Жаңартылған көше қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы серуен аймағына айналмақ. 

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар