Мемлекеттік шекара – мемлекеттің іргесі: депутаттар шекарашылардың өмір сүру жағдайын саралады

Қатерлі ісік — бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Бұл дертпен күресте ерте анықтау – ең маңызды қадамдардың бірі. Сондықтан елімізде скринингтік тексерулерді жетілдіру бағытында нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазір Астана, Шымкент және Өскемен қалаларында онкологиялық ауруларды ерте анықтау үшін халықаралық стандарттарға сай пилоттық жоба қолға алынды. Яғни, бұл қалаларда жаңа әдістер мен технологиялар сыналып, тиімділігі тексеріледі.
Пилот аясында скринингтік тексерулер екі кезеңнен тұрады:
- Бірінші кезеңі — халыққа жақын орналасқан емханаларда (тіркелген адам саны 30 мыңнан асатын);
- Екінші кезеңі — мамандандырылған онкологиялық орталықтарда өткізіледі.
Жоба барысында бірнеше жаңа технология да қолданылады:
- АПВ (адам папиллома вирусы) үшін жаңа тесттер,
- Жасанды интеллект арқылы маммография,
- Қан арқылы анықталатын гемокульт-тест сияқты заманауи әдістер.
Мақсат – 2028 жылға дейін онкоскринингке халықтың 90%-ын қамту. Бұл дегеніміз — әрбір адам қатерлі ісіктің алғашқы белгілерін уақытында анықтап, тегін тексерістен өте алады деген сөз.
Қабылданып жатқан шаралардың алғашқы нәтижелері де көңіл қуантады:
- Сәулемен емдеу мүмкіндігі 58%-ға дейін артты,
- Ауруды ерте анықтау деңгейі 31%-дан асты,
- Қатерлі ісіктен болатын өлім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 63 жағдайға дейін төмендеді.
Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде ядролық медицина орталығы ашылатыны туралы жазған болатынбыз. Енді осы пилоттық жоба арқылы Өскеменде онкологиялық ауруларды ерте анықтау мүмкіндігі де артып келеді. Бұл қала тұрғындарына дертті ерте анықтап, уақытылы емделуге үлкен мүмкіндік береді.
Дереккөз: Денсаулық сақтау министрлігі