ШҚО Президент Жолдауындағы міндеттерді цифрлық шешімдер арқылы жүзеге асыруда

Президент / Қоғам 10-09-2025, 10:43

Премьер-министрдің, министрліктер мен өңір басшыларының қатысуымен өткен жиында жасанды интеллектіні енгізу және инвестициялық әлеуетті іске асыру мәселелері талқыланды.

Жалпы, Шығыс Қазақстанда туризм саласында цифрлық шешімдерді тиімді қолданудың нақты тәжірибесі бар. Мәселен, Цифрландыру басқармасы облыстық ТЖД-мен бірлесіп туристерді QR-код арқылы тіркеу жүйесін енгізді. Бұл демалушылардың қолайлылығы мен қауіпсіздігі үшін жасалған.
Қазіргі кезде 35 туристік топ (175 адам) тіркелген. Жүйе нақты уақыт режимінде жұмыс істейді. Аналитикалық деректерді жинап, 4 тілді қолдайды, тиімділігін тәжірибеде дәлелдеді.

Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған барлық негізгі салаға цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу қажеттігі жөніндегі тапсырмаларды орындауға бағытталған нақты қадам.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар