Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында үнемшілдік қажет - Президент

Президент / Қоғам 9-09-2025, 13:55

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына жаңа талаптар енгізу қажеттігін айтты.

Президенттің сөзінше, бұл бағытта үнемшілдікке ынталандыратын экологиялық және санитарлық-гигиеналық ережелер қабылдануға тиіс.

– «Табиғи ресурстарды, әсіресе суды үнемдеу мәдениетінде үлкен кемшілік бар. Бұл – тек түсіндіру жұмысының ғана емес, идеологиялық бағыттың да маңызды бөлігіне айналуы қажет. Біз қазірдің өзінде судың тапшылығын сезініп отырмыз, ал оны тұтыну мәдениеті өте төмен», – деді Президент.

Сондай-ақ, Президент тұрғын үй құрылысы саласының қарқынды дамуына назар аудару керектігін атап өтті. 2023 жылы елде 19 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілген.

Осыған байланысты құрылыс сапасын арттыру үшін жасанды интеллектке негізделген ғимараттарды ақпараттық модельдеу (BIM) технологиясын кеңінен қолдану ұсынылды.

Мемлекет басшысы Үкіметке құрылыстың барлық кезеңдерін есепке алу, жоспарлау және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін ұлттық цифрлық платформаны іске қосуды тапсырды.

Сонымен қатар, жаңа Құрылыс кодексін жыл соңына дейін қабылдау қажеттігін айтты. Құжат саланың қауіпсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз етіп, тұрақты дамуына негіз болмақ.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар