Президент туризм инфрақұрылымын дамытуды тапсырды
Президент / Қоғам
8-09-2025, 19:32
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында туризм саласын дамытуға ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы кәсіби кадрлардың жетіспеуі мен инфрақұрылымның толық дамымауы саланың бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО Туризм кеңесінің төрағасы Сымбат Рамазанов бұл бастаманы қолдап, аймақта қолға алынып жатқан жобалардың маңызын атап өтті.

– Биылғы Жолдауда цифрлық даму мен жасанды интеллектпен қатар, ішкі туризмге де назар аударылды. Бұл өте құптарлық қадам. Катонқарағай мен Зайсан аудандарында салынып жатқан әуежайлар – ішкі туризмнің дамуына серпін беретін жобалар. Сондай-ақ Президент атап өткендей, ең өзекті мәселенің бірі – кадр тапшылығы. Сондықтан өңірдегі ЖОО мен колледждер туризм саласында маман даярлау ісін күшейтуі қажет, – деді ол.
