Мәжіліс депутаты: Президенттің бастамасы халық пікіріне сай келеді

Президент / Қоғам 8-09-2025, 19:25

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Парламентін бір палаталы ету жөніндегі бастамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысының бұл ұсынысы – уақыт талабына сай әрі қоғамда бұрыннан айтылып келе жатқан пікірмен үндес бастама. Президент халықтың көңіліндегі ойды дөп басып отыр. Бұл – елімізде жарияланған еститін мемлекет қағидасының нақты көрінісі», – деді депутат.

Оның айтуынша, бір палаталы парламент заң шығару процесін жеделдетіп, тиімділігін арттырады.

«Бұл бастама еліміздің саяси жүйесін одан әрі жетілдіруге, азаматтардың мемлекетке деген сенімін күшейтуге жол ашады», – деп атап өтті Азат Перуашев.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар