Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Адам құқықтары саласындағы реформалар

Президент / Қоғам / Жаңалықтар 29-08-2025, 09:48
Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын және басқа да тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елімізде әділ сот төрелігінің кепілдіктерін нығайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
 
⚖️ Әділет министрлігі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға көп көңіл бөледі.
 
🔹 Кемсітушілікке қарсы іс-қимылға, халықтың осал топтарын қорғауға және әділ сот төрелігінің кепілдіктерін нығайтуға бағытталған жаңа тетіктер әзірленіп, енгізілуде. Осы саладағы қазақстандық бастамалар халықаралық деңгейде қолдау табуда, бұл елдің құқықтық мемлекет ретіндегі беделін нығайтады.
 
«Осылайша, "Заң және тәртіп" тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, атқарушылық іс жүргізу тараптарының әрқайсысы сот төрелігін жүзеге асыру кезінде болжамды, заңды жағдайға және дауларды шешудің өзге де тәсілдеріне сенімді болған кезде әділ заңдардың қабылдануы ғана емес, олардың сапалы орындалуы да қамтамасыз етілетін болады», 
— деп атап өтті Ерлан Сәрсембаев.
 
✅ Үкімет қабылдаған шаралар мемлекеттің «Заң және тәртіп» біртұтас және тиімді жүйесін құруға ұмтылатынын көрсетеді. Бұл жүйе заманауи технологияларға, заңнаманы жетілдіруге, қоғамның белсенді қатысуына және құқық бұзушылардың қатаң жауапкершілігіне сүйенеді.
 
📱 @KZgovernment
Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар