Шығыс Қазақстанда Осинов асуын айналып өтетін ең биік таулы көпір салынып жатыр

Өскемен / Қоғам / Жаңалықтар 17-09-2025, 11:34

Шығыс Қазақстанда бірегей инфрақұрылымдық нысан – еліміздегі ең биік таулы көпірдің құрылысы жүргізілуде. Жаңа жол бағыты жүргізушілерге Алтайға қарай қауіпсіз жетуге мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Көпір Пихтовка маңында салынып жатыр. Оның ұзындығы – 175 метр, биіктігі – 42 метр. Таулы жер бедері мен құбылмалы ауа райы құрылысқа қиындық туғызуда. Соған қарамастан жұмыстар белгіленген кестеге сай атқарылуда.

– «Жер қазу жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. Асфальт бойынша әлі 800–900 метр төсеу қажет. Бұл жол учаскесі туристік маршруттың негізгі бөлігі саналады. Мұндағы ауа райы қаладағыдай емес: жиі жаңбыр жауады, қатты жел соғады. Жұмысшылардың өміріне қауіп төндірмеу үшін қауіпсіздікке айрықша мән берудеміз. Өйткені жер бедері күрделі, өр мен еңіс көп», – деді учаске бастығы Бейсенәлі Орынбеков.

Көпірдің жанында арнайы шолу алаңы мен жол бойындағы сервис нысандарын салу жоспарланған. Бұл аймақтың туристік тартымдылығын арттырып, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасамақ.

Жоба қазірдің өзінде өңір үшін маңызды оқиғаға айналды. Жергілікті тұрғындар мен көлік жүргізушілері оның аяқталуын асыға күтуде.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар