Өскеменде әйелдер көшбасшылығына арналған семинар өтті

Өскемен қаласында «Қазіргі заманғы қауіптер мен жаһандану жағдайындағы әйелдер көшбасшылығы» атты оқыту семинары өтті. Шараға түрлі салада еңбек етіп жүрген 20-дан астам әйел қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Әйел-көшбасшыларды қолдауға арналған бұл жоба Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі бастамасымен, облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – бизнес, саясат, басқару және өзге де салалардағы әйелдердің көшбасшылық әлеуетін арттыру.
Семинарды Павлодар қаласындағы «Аддиктология және менталдық денсаулық» ғылыми-зерттеу орталығының мамандары жүргізді. Олар жыл сайын қатысушыларға психология, өзін-өзі дамыту және басқару бағыттарында өз тәжірибелерімен бөлісіп келеді.
Қатысушылардың айтуынша, кездесудің форматы танымдық қана емес, тәжірибелік жағынан да пайдалы болған.
Семинар қатысушыларға тәжірибелік білім беріп қана қоймай, алға қарай ұмтылуға серпін сыйлады.
Роксана Глыбова
Фото/видео: Евгений Щетников