Өскеменде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған Ресурстық орталық ашылмақ

Өскемен 1-06-2025, 12:25

Ертең, 2 маусым күні Өскемен қаласында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағытталған жаңа Ресурстық орталықтың салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл орталықтың ашылуы – мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету жолындағы тағы бір маңызды қадам болмақ.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында 3615 ерекше бала тіркелген, соның ішінде 2156-сы Өскемен қаласында тұрады. Мемлекет бұл санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер, оңалтуға арналған техникалық құралдар, үйде оқыту мүмкіндігі, сондай-ақ психологиялық және педагогикалық көмек түрінде жүйелі қолдау көрсетіп келеді. Бұдан бөлек, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жобаларды жүзеге асырып жатқан қоғамдық ұйымдардың да рөлі зор.

Жаңа Ресурстық орталық қызметтердің сапасын арттырып, ата-аналар мен балалар үшін көмекті қолжетімді әрі тиімді етеді деп күтілуде.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар