Самар ауылында 150 орындық заманауи мектеп салынып жатыр

Өскемен 6-05-2025, 11:53 0

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауылында 150 орынға арналған заманауи мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл жоба ауылдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған кешенді бағдарламаның бір бөлігі ретінде қолға алынып, өңірдегі білім сапасын арттыруды көздейді. Қазіргі уақытта мектеп ғимаратына арналған жер телімін тазалау және іргетас қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Екі қабатты мектептің жалпы құрылыс аумағы – 1663 шаршы метр. Жобаның ауқымы үлкен – 20 мың текше метрден астам құрылыс жұмысы жоспарланған. Жобалау сатысында-ақ ғимаратқа қауіпсіздік, энергия үнемділік және инклюзивті ортаға қойылатын барлық заманауи талаптар енгізілген.

Жоба аясында мектепалды даярлыққа арналған 30 орындық арнайы топ қарастырылған. Ал бастауыш сыныптарда (1–4 сынып) 120 бала білім алады деп күтілуде. Осылайша, жаңа оқу орны 5 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға үздіксіз білім беруге мүмкіндік жасап, оларды күн сайын өзге елді мекендерге тасымалдау қажеттілігін жояды.

Мектеп заманауи білім беру стандарттарына толық сай жабдықталады. Мұнда жаңа оқу кабинеттері, спорт құрал-жабдықтары және пәндік сыныптар болады. Бұл оқушылардың жан-жақты дамуына – білім, өнер, спорт салаларында жетілуіне жағдай жасайды. Ең бастысы, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптасады.


Дамир Омаров

Фото: Махаббат Ахметжанова

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады