Шекара маңына қамқорлық: Зайсанда алты отбасы жаңа баспанаға ие болды

Өскемен 5-05-2025, 16:25

Зайсан ауданына қарасты Кеңсай ауылында көпбалалы және әлеуметтік осал санаттағы алты отбасыға жаңа тұрғын үйдің кілттері табысталды. Бұл қуанышты оқиға Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Салтанатты шараға аудан әкімдігінің өкілдері қатысып, тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады. Олардың айтуынша, бұл үйлер – мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдаудың нақты нәтижесі.

Айта кету керек, өткен жылы көпбалалы отбасыларға 232 пәтер, ал әлеуметтік осал топтарға 518 пәтер пайдалануға берілген болатын. Биылғы жылы тағы 180 пәтерді салу және сатып алу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік қолдау шаралары әсіресе шекаралық аумақтардағы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Кеңсай ауылындағы бұл игі іс – соның айқын көрінісі.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар