Өскемендік тревел-блогер Санья қаласының (Хайнань) амбассадоры атанды
Өскемен / Қоғам / Жаңалықтар
12-12-2025, 09:00

Шығыс Қазақстан және еліміздің басқа да өңірлерінің туристік нысандары туралы контентімен танылған Өскемендік тревел-блогер Сымбат Рамазанов @symbat.ramazanov ресми түрде Хайнань аралындағы Санья қаласының амбассадоры болып тағайындалды.
Бұған дейін онымен Қытайдың Туризм, мәдениет және теледидар мемлекеттік департаменті хабарласып, келіссөздер жүргізген. Кейін блогер конкурстық іріктеудің бірнеше кезеңінен сәтті өткен.
Қытайдың қарқынды дамып келе жатқан туристік қалаларының бірі — Саньяның амбассадоры атану блогердің өзі үшін де, ол ұсынатын өңір үшін де маңызды жетістік. Енді оны Саньяны халықаралық аудиторияға танытуға және Хайнань туралы пайдалы контент жасауға бағытталған үлкен жұмыс күтіп тұр.
Әсіресе, жыл сайын Саньяға Қазақстаннан өте көп турист баратынын ескерсек, пайдалы ақпарат көп болады деп ойлаймыз.
