Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен құттықтаймыз!

Өскемен / Қоғам / Жаңалықтар 18-10-2025, 14:17

Құрметті орман шаруашылығы саласының ардақты қызметкерлері!


Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Табиғатты аялау, орман байлығын сақтау мен көбейту – үлкен жауапкершілікті, жанашырлық пен еңбекқорлықты талап ететін маңызды жұмыс.


Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында жасыл желек молайып, еліміздің экологиялық тепе-теңдігі сақталып келеді. Орман – халқымыздың баға жетпес байлығы, ал сіздер – сол байлықты көздің қарашығындай қорғап жүрген жандарсыздар.


Сіздерге мықты денсаулық, еңбектеріңізге жеміс, отбасыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз! Жасыл орманымыз мәңгі жайқалып, табиғатымыз таза болсын!


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар