Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Ақпараттық манипуляцияларға сақ болыңыз!

Жаңалықтар / Қоғам 3-10-2025, 13:45

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында әлеуметтік желілерде жасанды түрде туындайтын «ақпараттық толқындардың» жасалу жолдары егжей-тегжейлі талданды.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы уақытта қоғамда алаңдаушылық туғызып, жаппай наразылықтың әсерін беретін жарияланымдардың күрт артуы байқалуда. Алайда мұндай толқындар кездейсоқ емес – олардың артында тұтас технологиялар жатыр: боттар желісі, тапсырыспен жазылған пікірлер, нысаналы жарнама мен синхронды ақпараттық шабуылдар.

Мақсат – қоғамда жасанды дүрлігу туғызып, шынайы емес наразылық иллюзиясын қалыптастыру. Мұндай әдістер адамдардың мінез-құлқына ықпал етіп, қоғамдық пікірге қысым көрсетуі мүмкін.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды әрбір ақпарат көзіне сыни көзбен қарауға, эмоцияға берілмеуге және тек ресми, тексерілген дереккөздерге сенуге шақырады.

🔹 Өзіңізді адастыруға жол бермеңіз!
🔹 Бұл ақпаратпен жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз!

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар