Су саласы мамандарының жалақысы өседі

Жаңалықтар / Қоғам 13-06-2025, 16:37

2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап су саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы айтарлықтай көбеймек. Мемлекет басшысы су саласы қызметкерлерінің еңбекақысын көтеруге мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жаңа заң бойынша, су жеткізу және су бұрумен айналысатын 25 мыңнан астам маманның жалақысы 35–50% аралығында өседі. Бұл өзгеріс өңір ерекшелігі мен басқа да көрсеткіштерге байланысты әртүрлі деңгейде жүзеге асады. Нәтижесінде, су саласындағы мамандардың жалақысы жылу және электр энергетикасы саласындағы қызметкерлердің табысына жақындайды.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, қазіргі таңда бұл салада орташа жалақы – 231 мың теңге болса, жылу және электр энергетикасында – 330 мың теңге шамасында. Осы айырмашылықты азайту үшін заңға тиісті өзгерістер енгізілді.

– Бұл қадам су саласындағы кадр тапшылығын азайтуға, білікті мамандарды тартуға көмектеседі. Еліміздің дамуы үшін су – өте маңызды ресурс, – деді министр.

Айта кетейік, өткен жылы министрлік «Қазсушар» кәсіпорны қызметкерлерінің жалақысын да 25%-ға көтерген болатын.

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Шығыс Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары

Әлемдік жаңалықтар