Қазақстандықтар бірнеше жерде жұмыс істей алады - Еңбек кодексінде шектеу көрсетілген
Қоғам / Жаңалықтар
29-09-2025, 10:00
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтардың бірнеше жерде жұмыс істеуіне қатысты қолданыстағы заңнаманы түсіндірді.
Министрдің айтуынша, ел азаматтарына екі емес, төрт және одан да көп жерде жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Дегенмен, бұл мүмкіндіктің өз шектеуі бар. Қазақстанның Еңбек кодексіне сәйкес, тәуліктік жалпы жұмыс уақыты 12 сағаттан аспауы тиіс.
"Бірнеше жерде еңбек етуге болады, бірақ ең бастысы – адамның денсаулығы мен еңбек құқығы сақталуы қажет. Сондықтан жұмыс кестесі заңмен шектеледі", – деді Светлана Жақыпова.
Бұл талап азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және шамадан тыс жұмыс істеудің алдын алу мақсатында енгізілген.

