Өскемен қаласының әкімдігінде жаңа прокурор таныстырылды

Усть-Каменогорск 4-11-2025, 14:08

Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Ерлан Бұланбаев қалалық активтің қатысуымен Өскемен қаласының прокуратурасының жаңа басшысы Әлішев Руслан Рүстемұлын таныстырды.

Жиынға қала әкімдігінің аппараты, салалық бөлім басшылары мен қалалық актив мүшелері қатысты.

Әлішев Руслан Рүстемұлы 1984 жылы 18 маусымда Жамбыл облысы, Амангелді ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2008 жылы Тараз қаласы прокуратурасында бастаған. Әр жылдары Жамбыл облысы прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Абай облысы прокуратурасында түрлі жауапты қызметтер атқарған.

2025 жылдың қазан айынан бастап Өскемен қаласының прокуроры қызметіне кірісті.

Поделиться
0

Комментарии

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Новости ВКО

Новости Казахстана

Мировые новости