Өскеменде тыйым салынған өсімдіктер өсірілген үй анықталды

Өскемен 2-05-2025, 10:48 0

Өскемен қаласында арнайы жабдықталған бөлмеде қарасора өсірген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдары облыс прокуратурасымен бірлесе жүргізген жедел іс-шара барысында жеке үйден фитолаборатория табылды. Тергеу мәліметінше, үй иесі бөлмені арнайы құралдармен жарақтап, онда есірткілік қасиеті бар қарасора өсімдігін өсіріп отырған.

Тексеру кезінде салмағы 250 грамнан асатын өсімдік қалдықтары тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі (тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады