ШҚО-да өрістен ұрланған жеті мал табылды

Өскемен 27-03-2025, 16:38 0

Шығыс Қазақстан облысы ауданындарының бірінен полиция қызметкерлері өрісте жайылып жүрген жерінен ұрланған жеті ұсақ мал ұрлығын ашты. Жалпы келтірілген шығын мөлшері 400 мың теңгеден асты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды. Тергеу іс-шараларының нәтижесінде оның қылмысқа қатыстылығын дәлелдейтін заттай айғақтар тәркіленді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ШҚО Полиция департаменті мал иелеріне арнайы белгіленген жайылымдарды пайдалануды, жануарларды қараусыз қалдырмауды, әсіресе түнгі уақытта, таңбалау (чиптеу) әдістерін қолдануды және жайылым маңында күдікті адамдарды мен көліктерді байқаған жағдайда дереу полицияға хабарлауды ескертеді.

Фото: time.kz

Бөлісу
0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

ШҚО жаңалықтары

Өскеменде 1 маусымнан бастап жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды
Шығыс Қазақстанда сел қаупі жоғары кезең басталды
Өскемендік 1440 бала «Жігер» жазғы лагерінде демалады
Шығыстағы мектеп оқушылары енді өндіріс орындарында тәжірибеден өте алады