Президентке Көкшетау қаласында табысты іске асырылып жатқан бес жылдық реновация бағдарламасы жөнінде мәлімет берілді
Новости / Казахстан
16-09-2025, 16:35
Жобаның мақсаты – апатты үйлердің тұрғындарын заманауи, жайлы әрі қуат үнемдейтін пәтерлерге көшіру, сондай-ақ инженерлік желілерді, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді кешенді түрде жаңғырту. Аталған бағдарламаның операторы – Kokshe әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы.
✔️Қазіргі уақытта 13 ескі үй бұзылып, орнына 2 тоғыз қабатты және 4 бес қабатты көппәтерлі үй салынды. Жаңа баспанаға 365 отбасы қоныстанды.
✔️2029 жылға дейін 175 ескі үйді бұзу жоспарланып отыр. Оның орнына 3500 пәтерге есептелген 35 заманауи тұрғын үй бой көтереді. Нәтижесінде 11 мыңға жуық адам жаңа қонысқа көшеді.
t.me/aqorda_resmi